Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи Иранның Қауіпсіздік Кеңесінен отырыс өткізу туралы өтінішін қолдағаны үшін Алжир еліне ризашылығын білдірді.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи алжирлік әріптесі Ахмед Атафпен телефон арқылы сұхбатта Алжирдің Палестина мен Ливан халқын қолдаудағы берік ұстанымы, Израиль режимінің Иранға қарсы жуырдағы басқыншылық әрекетін айыптағаны және Иран Ислам Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінен отырыс өткізу туралы өтінішін қолдағаны үшін алғыс айтты.
Кеше, бейсенбі күні Аббас Арақчи Алжир Сыртқы істер министрі Ахмед Атафпен телефон арқылы сөйлесіп, аймақтағы оқиғаларды талқылады.
Тараптар аймақтағы жағдайдың қауіпті екенін, Израиль режимінің Газа секторындағы геноцид қылмыстары мен Ливанға қарсы агрессиясын дереу тоқтату үшін тиімді шара қабылдау қажеттігін баса айтты.
Сондай-ақ, екі елдің СІМ басшылары Ислам елдерінің, соның ішінде Араб және Ислам мемлекеттері басшыларының алдағы саммиті аясында үйлестірілген іс-қимылдардың қажеттілігін қуаттады.

















