Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі Амир Саид Иравани Израильдің Газа секторындағы геноцид қылмыстары адам құқықтарын әшкере бұзу болып табылатынын баса айтты.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі Амир Саид Иравани мұндай мәлімдемені сәрсенбі, қарашаның 6-сы күні UNRWA жұмысына қатысты өткен бейресми пленарлық отырыста жасады.
Ираванидың сөзінше, сионистік режимнің аштықты қасақана Палестина халқына қарсы қару ретінде қолдануы Газа секторындағы гуманитарлық дағдарысты ушықтырып, палестиналықтар үшін төзгісіз жағдайлар туғызды.
Амир Саид Иравани палестиналық босқындардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп: «Сионистік режим жүргізген геноцид пен Газа секторын қоршауға алу қылмыстарының жалғасуы мыңдаған бейбіт тұрғынды, соның ішінде әйелдер мен балаларды тікелей қауіп-қатерге душар етті.
Бұл әрекеттер адам құқықтарының анық бұзылуы ғана емес, сонымен қатар аштықты Палестина халқына қарсы қару ретінде қасақана пайдалану болып табылады. Сионистік режимнің бұл әрекеттері гуманитарлық дағдарысты ушықтырып, Палестина халқы үшін төзгісіз жағдайлар туғызды», — деді.
Сонымен қатар Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі UNRWA бас комиссары Филипп Лаззариниге агенттіктің тұрақтылығын қамтамасыз ету және қазіргі дағдарыс жағдайында жұмысын жалғастыру жөніндегі күш-жігері үшін алғыс білдірді.












