Ересектер арасындағы әлем чемпионатына Иран мен Азиядан бақылаушы ретінде Иран гандболы тарихында тұңғыш рет ирандық әйел шақырылды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, халықаралық гандбол федерациясы Иранның гандбол федерациясына жолдаған ресми хатында Митра Нуридің Еуропаның үш елінде өтетін ерлер арасындағы гандболдан 29-шы әлем чемпионатында бақылаушы ретінде таңдалғанын хабарлады.
Бұл — Иран гандболы тарихында бірінші рет әлемдегі ең маңызды гандбол жарысында ирандық әйелдің бақылаушы ретінде таңдалуы.
Гандбол федерациясының басқарма мүшесі Митра Нури бұған дейін Азиядағы түрлі жарыстарда бақылаушы болған.
Гандболдан ерлер арасындағы 29-шы әлем чемпионаты 2025 жылы қыста Хорватия, Дания және Норвегияда өтеді.


















