АҚШ Украинаға Ресей аумағына соққы беру үшін алыс қашықтықтағы қаруды қолдануға рұқсат бергеннен кейін бақылаушылар Ресей әскерлерінің шабуылы бір апта ішінде рекордтық қарқынға жеткенін хабарлады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сарапшылар мен әскери блогерлер ресейлік әскерлер соғыс басталған 2022 жылдың ақпан айына қарағанда әлдеқайда жылдам ілгерілеуде деп санайды. Тек соңғы айда олар шамамен Лондонның жартысы болатындай аумақты басып алған.
Британдық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бір жағынан Мәскеудің қарқынды шабуылдары, екінші жағынан, Киевтің Ресейге соққы беруі үшін алыс қашықтықтағы қаруды қолдануға АҚШ-тың рұқсат беруі соғысты одан сайын қауіпті етуде.
Ресейдің тәуелсіз ақпарат агенттігі “Агенство” Ресейдің Украина аумақтарын басып алуда апталық және айлық форматтағы көрсеткіштерде жаңа рекордтар орнатқанын жазды.
Агенттіктің ақпаратынша, өткен аптада Ресей Қарулы күштері Украинаның 235 шаршы шақырым аумағын бақылауға алған. Бұл 2024 жылғы ең жоғары көрсеткіш.
Ресей Украинаның Курск аймағындағы тосын шабуылдарына қарамастан, Украинаның шығысына әсіресе шілде айынан бері қарқынды шабуыл жасауда.




















