Сирия Сыртқы істер министрі Бассам Сабақ кеше, желтоқсанның бесі күні елінің делегациясын басқарып, Ирак астанасы Бағдадқа келіп жетті.
Еуразия Тудейдің Тасним агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Сирия СІМ Бассам Сабақ Бағдадта Иран және Ирак сыртқы істер министрлерімен кездеседі.
Дамаскте шығатын Al-Vatan газеті Сабақтың Ирак пен Иран Сыртқы істер министрлерімен Сириядағы оқиғалар жайлы кеңесу үшін көмекшілері Хабиб Аббас және Иман Раадпен бірге Бағдадқа келгенін жазды.
Ирактың INA хабар агенттігі де Сабақтың Бағдадқа келгенін растады.
Al-Vatan газетінің мәліметіне сәйкес, Сирия СІМ содан кейін Араб лигасының төтенше отырысына қатысу үшін Каирге аттанады.
Ливанның Al-Mayadeen телеарнасы бүгін жұма күні Бағдадта Иран, Сирия және Ирак Сыртқы істер министрлерінің үшжақты отырысы өтетінін хабарлады.












