Ресей президенті Владимир Путин қазір билік ауысқан Сирияда болып жатқан оқиғалардың негізгі бенефициарын Израиль деп атады.
Еуразия Тудейдің РБК агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин тікелей эфирдегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Путин: «Бірақ, Сирияда болып жатқан оқиғалардың негізгі бенефициары, менің ойымша, негізгі бенефициар Израиль», — деді.
Путин сондай-ақ Ресей Израиль әскерлерінің Сириядан шығарылуына үміттенетінін, бірақ әзірше еврей мемлекеті тек көрші елде өз күшін нығайтып жатқанын айтты. Ол Ресейдің Сирияның кез келген аумағын басып алуды міндетті түрде айыптайтынын және бұл ұстаным өзгермейтінін баса айтты.
















