Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен Иран Президенті Масуд Пезешкиан Газа секторы, Ливан және Сириядағы оқиғаларды талқылады.
Еуразия Тудейдің Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, тараптар Дамушы сегіз ислам елі ұйымының (D8) саммиті аясында Каирде кездесті.
Келіссөз барысында тараптар Газа секторы, Ливан және Сириядағы жағдайдың дамуын, сондай-ақ, Мысыр мен Иран арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту мүмкіндіктерін талқылады.
Тараптар аймақтағы тұрақтылықты сақтау үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын қуаттады.
Ас-Сиси мен Пезешкиан Таяу Шығыстағы аймақтық оқиғалар мен бейбітшілікті қалпына келтіру жолдары туралы пікір алмасты.
Келіссөз барысында Палестина аумақтарындағы жағдайға ерекше назар аударылды.
Екі ел президенттері Мысырдың Газа секторында бітім орнату және гуманитарлық көмек көрсету әрекеттерін талқылады.
Сонымен қатар Ливан мен Сириядағы жағдайға қатысты мәселелер қаралды.
Мысыр Президенті аймақтық шиеленісті азайтудың және шиеленісті болдырмаудың маңыздылығын баса айтты.
Ол аймақты Таяу Шығыстағы және бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке елеулі әсер етуі мүмкін қауіпті қақтығыстардан қорғау үшін барлық тарап барынша жауапкершілікпен әрекет етуі керектігін баса айтты.



















