Бүгін, желтоқсанның 25 күні Қазақстанның батысындағы Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпаратына сәйкес бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі, соның ішінде 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.
ҚР Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Az Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды.
Қазақстан Үкіметі Әзербайжан Үкіметімен болған оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу және алғашқы көмек көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуде.

















