Иран Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кацтың Исмаил Һанияны өлтіргендерін мойындағаннан кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне хат жолдады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сейсенбі күні Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі Амир Саид Иравани БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдап, Израильдің Исмаил Һанияны өлтіргендерін мойындауы Иранның 2024 жылдың 1 қазанында жасаған қарымта жауабын заңдастырып, Израильдің басқыншы режимі аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіретіні туралы ұстанымын растайтынын мәлімдеді.
Хатта: “Дүйсенбі, 2024 жылдың 23 желтоқсан күні кешке Израиль режимінің Қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен өткен шарада осы елдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац режимнің Иран президенті Масуд Пезешкианның инаугурациясына келген Исмаил Һанияны өлтіргендерін ашық түрде мойындады.
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің бірінің егемендік аумағында саяси көшбасшының өлтірілгенін осылай ашық түрде мойындау Израиль режимінің лаңкестік және басқыншы әрекеттері үшін жауапкершілігін тағы әшкереледі.
Сионистердің бұл әрекеттері Иранның 2024 жылдың 1 қазанында жасаған қарымта жауабын заңдастырып, Израильдің басқыншы режимі аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіретіні туралы ұстанымын растайды”,-деп жазылған.
Хатта атап өтілгендей, Израиль режимінің бұл ауыр қылмыс үшін жауапкершілікті алғаш рет ашық түрде мойындауы.


















