UNRWA Газада дереу атысты тоқтату қажеттігін талап етумен қатар осы аймақтағы ауруханалар өліктердің мекеніне айналғанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Al-Mayadeen агенттігіне сілтемме жасап хабарлауы бойынша БҰҰ-ның палестиналықтарға жәрдем беру және жұмыспен қамту агенттігі UNRWA бүгін, сәрсенбі күні Газадағы ауруханалардың мүрделердің мекеніне айналғанын қуаттады.
UNRWA Х платформасында жазба жариялап: «Газадаға отбасылар күйреп бара жатыр: балалар суықтан көз жұмуда, аштық адамдарды алқымынан алуда. Біз атысты дереу тоқтатуды сұраймыз», — деді.
Ливанның «Әл-Ахбар» газеті осы аптаның соңына дейін Газа секторында атысты тоқтату бойынша келісімге келу мүмкіндігі бар екенін хабарлады.
Мысырдың жауапты тұлғалары осы газетке Дохада талқыланған формулалар алты-сегіз апталық атысты тоқтатуды көздейтінін, бұл Газа секторына көмек ағынын арттыру, реттеу және оның денсаулық сақтау жүйесін қайта құруды қамтитынын айтқан.
















