Сириядағы «Хайат Тахрир әш-Шамның» (HTS) жетекшісі әл-Джулани алғашқы шетелдік сапарында Түркияға барады.
Еуразия Тудейдің Yeni Şafak газетіндегі мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша сапармен алдағы күндері болуы керек болғанымен, бағдарламадағы өзгерістерге байланысты кейінге шегерілген. Дегенмен оның сапары жақын арада жүзеге асуы мүмкін.
Әл-Джулани сапар барысында Түркия президенті Ердоғанмен кездеседі деп күтілуде. Осы мәліметке сәйкес, Сирияның жаңа билігінің жетекшісі Башар Асад әкімшілігін құлатуға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіруге ниетті.
Мәліметте Сирияда оппозиция билікке келгеннен кейін Дамаскіге барған алғашқы шетелдік өкіл Түркияның барлау қызметінің басшысы Ибрагим Калин болғанын, оның артынан Түркия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Хакан Фиданның Сирия астанасына барғаны айтылған.
«Хайат Тахрир аш-Шам» тобының жетекшісі Ахмед аш-Шараа Әбу Мұхаммед әл-Джулани деген атпен танымал.
Ол Сирияның Анкарамен өзара іс-қимылының негізгі басымдықтарын айтқанда: «Біз Түркиямен стратегиялық серіктестік орнатуды жоспарлап отырмыз. Түркияның Сирияның жаңа мемлекетін құру процесінде жүзеге асыра алатын көптеген басымдықтары бар. Біз өзара экономикалық тәжірибе алмасу және коммерциялық ынтымақтастық мүмкіндігіне сенеміз», — деген болатын.













