ХАМАС халық бостандыққа шыққан тұтқындарды жылы қабылдау арқылы қарсыласуды қолдайтынын дәлелдегенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, ХАМАС қозғалысы Газа секторындағы атысты тоқтату келісімі бойынша тұтқындармен алмасудың бірінші кезеңінде босатылған палестиналық тұтқындарды халықтың жылы қарсы алуын оларды қарсыласуды қолдайтынының белгісі деп атады.
ХАМАС өз мәлімдемесінде Палестина халқын, мұсылман үмбетін және дүние жүзіндегі бостандықтың барлық жақтастарын “Әл-Ақса дауылы” келісімі бойынша палестиналық тұтқындардың бірінші тобының Израиль режимінің түрмелерінен босатылуымен құттықтады.
Мәлімдемеде Палестина халқының қуанышы және бостандыққа шыққан тұтқындармен кездесуінде айтылған жеңіс ұрандары халықтың қарсыласуға қолдау көрсететіні және олардың санасында маңызды орын алатыны айтылды.
Израиль қаңтардың 20 күні таңертең тұтқындармен алмасу келісімі негізінде 90 тұтқынды бостандыққа шығарды. Олардың 69-ы әйел, 21-і балалар мен жасөспірімдер.



















