Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Ресей мен Иран арасындағы ынтымақтастықтан аймақтағы барлық елдер пайда көре алатынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Армения СІМ басшысы Арарат Мирзоян Иран Президенті Масуд Пезешкианның Мәскеуге сапары барысында Тегеран мен Мәскеу арасында жан-жақты стратегиялық келісімге қол қойылғаннан кейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Армения Сыртқы істер министрі Тегеран мен Мәскеу арасындағы қол қойылған жан-жақты стратегиялық келісімге тоқталып, Ресейдің қазір Иранмен өте жақсы ынтымақтастықты дамытып жатқанын айтты.
Сондай-ақ, Мирзоян Арменияның Иранмен өте жақсы тату көршілік пен серіктестік қарым-қатынаста екенін қуаттады.
Сонымен қатар, Армения СІМ басшысы Армения мен Ресей арасындағы гуманитарлық диалогты дамытуда оң динамика барын, екі елдің ғалымдары мен мәдениет қайраткерлерінің кездесулері тұрақты түрде жүргізіліп тұратынын айтты.



















