Ислам революциясының жетекшісі Әли Хаменеи Имам Хомейни атындағы хосейниеде ұйымдастырылған жеке сектордың жетістіктері мен мүмкіндіктері көрмесіне барды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, кеше, қаңтардың 21 күні басталған көрмеде Иран Ислам Республикасының жеке секторының ғылым мен экономика саласындағы жетістіктері көрсетілді.
Бүгін, сәрсенбі күні хосейниеге келуші жеке сектор өкілдерінің тобы Ислам революциясының жетекшісімен кездеседі. Кездесу барысында жеке сектордағы экономика саласының қайраткерлері өз пікірлері мен көзқарастарын білдіреді.
Иранда ел экономикасының жеке секторына арналған іс-шаралар мен кездесулер һижра шамси жыл санағы бойынша 1390 жылдан бері жыл сайын осы елдің жоғарғы көшбасшысының қатысуымен өткізіліп келеді. Өткен жылы ұйымдастырылған көрмеде аятолла Әли Хаменеи саланың жетістіктері мен мүмкіндіктерін жоғары бағалап, жетістіктерді халықтың назарына жеткізу керектігін айтқан болатын.



















