Иранның Минадашт қорығында Һелия деген қабылан суретке түсіп қалды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Солтүстік Хорасан провинциясының қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Реза Шакериан Минадашттың жабайы табиғат қорығындағы фотоқақпанға Һелия деген қабыланның түсіп қалғанын айтты.
Реза Шакерианның сөзінше, Джаджром ауданына қарасты Минадашт қорығының аңшылары түнгі жорық кезінде фотоқақпаларды тексеріп, азиялық қабыланның құнды суретті бейнелерін тапқан.
Қоршаған ортаны қорғау бөлімі басшысының айтуынша, суреттің сапасы жоғары болғандықтан қоршаған ортаны қорғау мамандары мен сарапшыларына жануардың Һелия деген ұрғашы қабылан екенін анықтауға және оның қорыққа отбасымен келгенін болжауға мүмкіндік берді.
Реза Шакериан Минадашт аймағындағы тіршілік ету ортасының қолайлы екенін және рұқсат етілген жайылым басталған желтоқсан айынан бері осы уақытқа дейін қабылан мекендейтін жерге мал да, бақташы иттер де кірмегенін айтты.



















