Иран СІМ басшысы Аббас Арақчи Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сұхбатта Сириядағы азшылықтардың құқықтарын қорғауға шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Аббас Арақчи Иран Ислам Республикасының Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдауға бейілділігін растады. Ол ішкі жанжалдардың алдын алудың және елдегі барлық саяси, этникалық және діни топтардың өкілі болып табылатын инклюзивті Үкімет құрудың маңыздылығын баса айтты.
Сондай-ақ, министр қарулы топтардың бейбіт тұрғындарға, әсіресе шиіттер мен әлавилер қоныстанған аймақтарға кері әсерін тигізетін озбыр әрекеттері туралы хабарларға алаңдаушылық білдірді. Арақчи бұл азшылықтардың құқықтарын қорғау үшін шара қабылдау қажеттігін айтты.
Сұхбат барысында министрлер Иран мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту перспективаларын да талқылап, аймақтың өзекті мәселелерін шешу үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын қуаттады.



















