АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тағы өрт шығып, мыңдаған тұрғын эвакуациялануға бұйрық алды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Оңтүстік Калифорнияның мыңдаған тұрғыны Лос-Анджелес округінің солтүстігіндегі таулы аймақтағы Кастайк қаласының маңында орын алған “Хьюз” деп аталатын жаңа өртке байланысты эвакуациялану туралы бұйрық пен қауіп төніп тұрғандығы туралы ескерту алды.
Америкалық телеарналар сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша мыңдаған оңтүстік калифорниялықтың өрт сөндірушілерден Лос-Анджелес округінің солтүстігіндегі тау етегі мен Кастайк қаласының маңындағы бақылаудан шыққан “Хьюз” өртімен күресу шараларына байланысты эвакуациялануға бұйрық алғанын хабарлады.
Лос-Анджелес өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, өрт екі сағат ішінде 5000 гектардан астам аумақты шарпыған.
Алапат өртке байланысты Кастайк көлінің маңындағы тұрғындар міндетті түрде эвакуациялануға мәжбүр болды.
Мұның алдында Лос-Анджелесте 7 қаңтарда басталған алапат өрттен 27 адам көз жұмды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден Калифорнияда орын алған осы оқиғаны штат тарихындағы ең ірі және ең жойқын өрт деп атады.



















