Иран армиясының құрлық әскерінің қолбасшысы, бригада генералы Киюмарс Һейдари G3 винтовкасы бірте-бірте ирандық «Масаф» қаруына ауыстырылып жатқанын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы генерал Һейдари Иран қарулы күштерінің “Зульфақар 1403” бірлескен оқу-жаттығулары барысына түсініктеме берген кезде мәлімдеді.
Иран армиясының құрлық әскерінің қолбасшысы құрлық әскері маневрлер кезеңінде өздерінің бірегей жауынгерлік қабілетін көрсеткенін айтты.
Һейдаридың айтуынша, оқу-жаттығулар барысында елінің Қорғаныс министрлігі мен Иран армиясының құрлықтағы әскері әзірлеген техника мен қару-жарақ, оның ішінде атыс қаруы қолданылды.
Иран армиясының құрлықтағы әскерлерінің қолбасшысы: “7,62 мм калибрлі «Масаф» қаруын жаппай өндіру және жеткізу үдерісі іске қосылды және оны армия бөлімшелеріне беру жалғасуда”, -деп мәлімдеді.
Айта кетейік, жексенбі күні Иран Қарулы күштері елінің оңтүстік аймақтарында жыл сайынғы “Зульфақар” әскери оқу-жаттығуын бастады.



















