Иранның ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты 35 пайызға өсті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Ауыл шаруашылығы министрі Ғоламреза Нури Гезелдже елінің ауыл шаруашылығы секторы өнімдерін экспорттауда өсу қарқынын көрсетіп, 3,3 пайыз өсімге қол жеткізгенін мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты мұнай өнеркәсібінен кейін экономикалық дамуда көшбасшы болды.
Ғоламреза Нури Гезелдже Тегеранда жұма намазына қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде соңғы айларда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты шамамен 35 пайызға өскенін айтты.
Сондай-ақ, министр соңғы жеті айда ел Үкіметі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қажет тауарлармен алмасу үшін көрші елдермен ынтымақтастықты белсенді дамытып жатқанын қуаттады.

















