Кремльдің баспасөз өкілі Дмитрий Песков Мәскеудің Тегеранның ядролық бағдарламасы мәселесінің бейбіт жолмен шешілуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін баса айтты.
Песков кеше, сейсенбі күні «Путин Америка Президенті Трамптың Иран мен Америка арасында арағайын болу үшін жасаған ұсынысын қабылдады» деген хабарды теріске шығарды.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков брифингте: «Иран Ресейдің одақтасы болып табылады. Мәскеу АҚШ-ты алаңдатып отырған республиканың ядролық бағдарламасына қатысты жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін әлеуеттің бар екенін көріп отыр», — деді.
Мұның алдында америкалық ақпарат құралы Bloomberg бір репортажында Песковтың сұхбатының бір бөлігін жариялап: «Хабардар дереккөздері Ресей Трамп әкімшілігіне Иранмен мәселелер бойынша, соның ішінде Иранның ядролық бағдарламасы мен аймақтағы әрекеттері саласында байланыс орнату үшін көмектесуге келісті» деген уәжді жазған болатын.
Басылым жалғасында: «Мәскеудегі осы мәселеден хабардар адамдар аты-жөндерінің аталмауын сұраған шартпен былай деді: «Трамп бұл мәселеге қатысты өзінің ықыласын Путинмен ақпан айыныың 12 күні телефон арқылы сөйлескенде мәлімдеген болатын. Оның әкімшілігінің жоғары лауазымды тұлғалары байланыс орнатылған бірнеше күннен кейін Эр-Риядта ресейлік әріптестерімен осы тақырып туралы сұхбаттасты», — деді.
















