Ресейдің Ирандағы Елшісі Алексей Дедов Конституциялық Сақшылар кеңесінің Иран мен ЕАЭО арасындағы еркін сауда туралы келісімді бекітуін құптап, келісімнің екі жаққа да тиімді әрі екі тараптың мүддесіне толық сәйкес келетінін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Елші Алексей Дедов БРИКС телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Елші: “Конституциялық Сақшылар кеңесінің Ислам Кеңесі Мәжілісінің қаулысын бекітуіне байланысты жақын арада Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда туралы келісімді жүзеге асыру басталатыны туралы айтуға болады. Еуразиялық экономикалық одақ бүгінде 190 миллион халқы бар нарық болып табылады. Еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуі, сондай-ақ кедендік рәсімдер мен техникалық регламенттердің жеңілдетілуі Иран тауарларының экспортына қолайлы жағдай жасайды.
Сонымен қатар, Иран нарығында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экспорттаушылары үшін де осыған ұқсас жағдай қалыптасады”, -деді.
Ресейдің Ирандағы Елшісі eркін сауда туралы келісімнің әрбір тарап үшін толығымен тиімді және халықтарының мүдделеріне сай келетінін баса айтты.

















