ШЫҰ-ның келесі саммиті биыл күзде Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ван И: “Тяньцзинь саммиті ұйымның жұмысын қорытындылап, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қатысушылар арасындағы ынтымақтастық алаңына айналады. Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары негізгі мәселелерді талқылайды. Саммит ортақ тағдыр қауымдастығын қалыптастыруға жаңа серпін береді.
ШЫҰ Қытайда құрылды және Шанхай қаласының атымен аталды. Бұл біз үшін ерекше мәнге ие. Біз ұйымның өмірге келген жеріне оралғанына қуаныштымыз”, -деді.йййй
Ван Идің айтуынша, ШЫҰ-ның тұрақты дамуының негізі — “Шанхай рухын” ұстануында.



















