Түркия СІМ Хакан Фидан елінің Израильдің аумағын кеңейту саясатына қарсылығын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Түркия СІМ Хакан Фидан Оманда өткен Сирия, Түркия, Иордания және Ирак мемлекеттерінің Қорғаныс министрлері мен Сыртқы істер министрлерінің хабар брифингінде елінің Израильдің аумағын кеңейту саясатына қарсылығын мәлімдеді.
Түркия, Сирия, Ирак пен Иордания Қорғаныс министрлері мен Сыртқы істер министрлері кеше, наурыздың тоғызы күні Иордания астанасы Омманда хабар брифингін өткізді.
Түркия СІМ Хакан Фидан төртжақты отырыста Анкараның сионистік режимнің экспансистік саясатына қарсы екенін мәлімдеді.
Ол сөзінің жалғасында Сириядағы қырғын мен қақтығыстардың күшеюіне сілтеме жасап: “Сириядағы барлық тап пен ұлттардың топтары бүлік пен арандатушылықтардан аулақ болуы керек. Күрдістан Жұмысшылар партиясының (РКК) қарулы тобы күрдтердің өкілі емес. РКК тек Түркияның ғана мәселесі емес, Ирак пен Сирия және Түркияның ортақ дұшпаны”, — деді.












