Дамаск Израильдің Сириядағы қылмыстары мен заң бұзушылықтары туралы халықаралық тергеуді бастауды талап етті.
Еуразия Тудейдің SANA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Сирияның Сыртқы істер және Босқындар министрлігі сионистік режимнің Сирия аумағына үздіксіз басқыншылығы мен Дараа қаласының батыс шетіндегі Коя ауылына жасаған шабуылдарының қауіпті эскалациясын айыптады.
Бұл ауылдың тұрғын үйлері мен егістік алқаптары артиллерия және әуеден қатты шабуылдарға ұшырады. Шабуылдардың салдарынан сириялық алты бейбіт тұрғын қайтыс болды. Жараланғандардың жағдайларының нашарлауы мен ауылшаруашылық аймақтарының нысанаға алынуына байланысты құрбандар саны артуы ықтимал.
Сирия СІМ мәлімдеме жариялап: «Бұл эскалация израильдік әскери күштердің Кунейтра мен Дараа провинцияларына тоқтаусыз агрессиясы мен Сирия аумағына үздіксіз басқыншылығы аясында және ұлттық егемендік пен халықаралық заңдарды айқын бұзудың жалғасында жүзеге асырылуда. Біз осы қылмыстарды қатаң айыптай отырып, жазықсыз жандарға қарсы қылмыстар мен Израильдің заң бұзушылықтары туралы халықаралық тергеуді бастауды талап етеміз. Біз Сирия халқынан өз жерлеріне табанды болып, мәжбүрлі түрде көшіру немесе жаңа бір шындықты күштеп таңу үшін жасалатын кез келген талпынысты қабылдамауды сұраймыз. Бұл басқыншылық Сирия халқының өздерінің құқықтары мен жерін қорғаудағы ерік-жігерін әлсірете алмайды», — деді
















