ХАМАС қозғалысы Араб елдерінің басшыларын сионистік режимнің Газа халқына қарсы қылмыстарын тоқтату үшін шұғыл әрекет етуге шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша ХАМАС Израиль армиясының қылмыс жасап, үздіксіз бомбалау арқылы Рафах өткелінің тұрғындарын қоныс аударуға мәжбүрлеу әрекетін соғыс қылмысы және халыққа қарсы агрессияның қауіпті өршуі деп санайтынын жариялады.
Сонымен ққатар Араб елдері мен ислам мемлекеттері басшылары мен халықаралық қауымдастықтың сионистік режимнің Газаның мазлұм халқына қарсы үздіксіз қылмыстарын тоқтатуға қысым жасау үшін шұғыл әрекет етуді шақырды.
ХАМАС сионистік режим мен осы режимді қолдап, қылмыстарын жалғастырып отырған Американы Газадағы Палестина халқына қарсы геноцид қылмыстарының барлық салдарына жауапты деп атады.













