Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи Газа секторындағы апатты жағдайға алаңдаушылық білдірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Иран СІМ өкілі: “Біз соңғы онжылдықтарда халықаралық жүйеге негізделген халықаралық құқықтың барлық нормалары мен ережелерін бұзу тұрғысынан апатты жағдайға тап болып отырмыз.
Соңғы екі жылда БҰҰ Жарғысының қағидалары мен гуманитарлық құқық нормалары өрескел бұзылды. Бұған наурыз айындағы 15 гуманитарлық қызметкерді қасақана қырып салу сияқты шабуылдар мысал бола алады.
Бүгінде аймақтағы зұлымдық пен қылмысты қалпына келтіру үдерісі қатты алаңдатады. Сионистік режимді жақтаушы Батыс елдері егер шынымен де халықаралық қылмыстық құқық қағидаларын ұстанып, халықаралық соттың шешімдерін құрметтеуге ұмтылса, онда бұл режимнің жетекшілеріне Еуропада емін-еркін жүруге мүмкіндік бермес еді. Бұл әлемдік өркениеттің құндылықтар деп санайтын барлық қағидаларын өрескел бұзуды білдіреді.
Әр елдің әскери және қорғаныс күштерінің аумақтық егемендігін қорғауға дайын болуы заңды құбылыс. Иранның қарулы күштері өткеннің ащы тәжірибесін, сондай-ақ елінің тұтастығын қорғауда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығын ескере отырып, өздерінің дайындығы мен қабілетін үнемі сақтайды”,- деді.



















