Жапонияның Осака қаласында Дүниежүзілік EXPO 2025 көрмесі басталды.
Еуразия Тудейдің Euronews телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, 160-тан астам ел мен аймақты біріктірген ауқымды шара 13 сәуір мен 13 қазан аралығында өтеді.
EXPO 2025 көрмесінің ресми ашылу салтанатына 10 мыңнан астам адам қатысты.
Көрме “Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру” тақырыбында Осакадағы “Арман аралы” деген мағынаны білдіретін жасанды Юмесима аралында өтеді.
Жапония Премьер-министрі Сигэру Исиба шара барысында сөйлеген сөзінде жаһандық шиеленістің салдары елінде ұлттық дағдарысқа әкеліп соқтырғанына тоқталып, Трамптың тарифтері, әсіресе көлік импортына 25 пайыз баж салығының енгізілуі жапон өнеркәсібі мен экономикасының барлық саласына соққы болатынын айтты.
Сонымен қатар, EXPO 2025 көрмесінің жаһандық коммуникациялар бөлімінің басшысы Сачико Йошимура: “Менің ойымша, көрме осы уақытта сәтті ұйымдастырылды. Экспоны қазір өткізу, әлемдегі келіспеушіліктерді жеңуге көмектеседі. Мен EXPO 2025 көрмесінің Жапонияда өткізілуі халықаралық қатынастардың нығаюына және жағдайдың жақсаруына әкелуі мүмкін деп ойлаймын”, -деді.



















