Израильдің екі айлық үзілістен кейінгі шабуылдары қайта басталғаннан бері 500 мың палестиналық Газа секторындағы баспаналарынан кетуге мәжбүр болды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы хабарлады.
БҰҰ мәлімдемесінде 2025 жылдың 19 қаңтарында жасалған бітімге дейін Израильдің 2023 жылдың 7 қазанында басталған алдыңғы шабуылдары салдарынан жүздеген мың палестиналықтың босқынға айналғанын еске салды.
Палестиналық WAFA ақпарат агенттігі де Израильдің 18 наурыздан бері қайта бастаған шабуылдарынан жарты миллионға жуық палестиналықтың үйлерінен кетуге мәжбүр болғанын хабарлады.
Израильдің 18 наурызда қайта бастаған шабуылдары палестиналықтардың одан әрі шығынға ұшырауына, инфрақұрылымның бұзылуына әкелді.
Газа секторында жаңа шабуылдар басталғаннан бері 1652 палестиналық қаза тапты. Қаза тапқандардың көпшілігі әйелдер, балалар және қарт адамдар. Шабуылдардан 4391 адам жарақат алды.
2023 жылдың 7 қазанында басталған қарулы қақтығыстан бері қаза тапқан палестиналықтардың саны 51 025-ке, жараланғандар саны 116 432-ге жетті.



















