Рим Папасы Франциск өлер алдындағы сөзінде Газадағы қақтығысқа қатысушы тараптарды атысты тоқтатуға шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша Рим папасы Франциск бұл туралы кеше, 20 сәуірде Пасха мерекесі күні Әулие Петр алаңында соңғы рет көпшілік алдына шығып, халыққа дәстүрлі батасын бергенде айтты.
Франциск өз үндеуінде оның ойлары «жалғасып жатқан жан түршігерлік қақтығыс өлім мен күйреуге соқытырып, драмалық және қабылданбайтын гуманитарлық жағдай туғызып жатқан» Газа халқына бағытталғанын айтып: «Мен қақтығысқа қатысушы тараптарды атысты тоқтатуға, кепілге алынғандарды босатуға және аштық пен бейбіт болашаққа шөлдеген халыққа көмектесуге шақырамын!» деді.
Vatican News агенттігінің хабарлауынша 88 жастағы понтифик бүгін, 21 сәуір күні таңертең Ватикандағы Әулие Марфа үйіндегі резиденциясында қайтыс болды.
1936 жылы 17 желтоқсанда Буэнос-Айресте италиялық иммигрант, теміржолшы Марио Хосе Бергольо мен оның әйелі Регина Мария Сиворидің отбасында дүниеге келді.
Франциск Рим-католик шіркеуінің епископы, Рим Папасы қызметін 2013-2025 жылдары атқарды.

















