Мысыр Сыртқы істер министрі Бадр Абдел Аты Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчиге Шаһид Раджайи айлағындағы жарылысқа байланысты жанашырлық танытты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Мысыр Сыртқы істер министрі Бадр Абдел Аты бүгін, сәуірдің 28 күні Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчимен телефон арқылы байланыста Бандар-Аббастағы Шаһид Раджайи айлағындағы жарылысқа байланысты жанашырлық танытып, зардап шеккендердің тезірек сауығуын тіледі.
Мысыр СІМ сонымен қатар сионистік режимнің басып алынған Палестинадағы қылмыстарын тоқтату және Газаның қорғансыз халқына көмек жеткізу мәселесіне байланысты өз елінің талпыныстарын жалғастырып жатқанына сілтеме жасап, Иран Сыртқы істер министрін жуырдағы оқиғалардан хабардар етті.
Иран СІМ Аббас Арақчи де сұхбатта Газа секторындағы азық-түлік және дәрі-дәрмек блокадасының жалғасуы мен жазықсыз адамдарды қыруды адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған қылмыс, сондай-ақ Америка мен сионистік режимнің басқа да қолдаушыларын Израильдің геноциді мен соғыс қылмыстарына сыбайлас деп атады.
Ол сионистік режимнің Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауының халқын мәжбүрлеп көшіру саясатымен күресу қажеттілігін баса айтып, әлемдік қауымдастықтың осы қылмыстардың алдында немқұрайдылық танытуын өте таңқалдыратын және алаңдататын жағдай деп санайтынын айтты.
Арақчи сонымен қатар мысырлық әріптесіне Иран мен Америка арасындағы келіссөздер барысынан да хабар берді.












