Мәскеуде Каспий теңізі маңындағы елдердің өкілдері өзара ынтымақтастыққа шолу жасады.
Еуразия Тудейдің ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша
5-7 мамырда Мәскеуде Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының оныншы отырысы өтті .
Келіссөздерге Әзербайжан Республикасының (жетекшісі – Самир Шарифов), Иран Ислам Республикасының (жетекшісі – Алиреза Джахангири), Қазақстан Республикасының (жетекшісі – Зульфия Аманжолова), Ресей Федерациясының (жетекшісі – Михаил Петраков) және Түрікменстанның (жетекшісі – Мурат Атаджанов) делегациялары қатысты. Отырысқа Ресей делегациясының басшысы М.Петраков төрағалық етті.
Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесін талқылауды жалғастырды. Отырыс аясында тараптар Каспий теңізіндегі ынтымақтастыққа шолу жасап, сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуіне дайындық мәселелерін қарастырды.
ЖДЖТ келесі отырысы Түрікменстанда дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімде өтеді.

















