Иран ислам елдерін сионистік режимге қарсы саяси, экономикалық және қару-жарақ эмбаргосын енгізу үшін дереу әрі тиімді әрекет етуге шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Ислам кеңесінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф Ислам ынтымақтастығы ұйымы Парламенттік одағы конференциясының 19-шы сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Мохаммад Бақер Қалибаф: “Бүгінде ислам елдерінің сионистік режимнің секторды қоршауға алу әрекетін тоқтату үшін біртұтас және ұжымдық шешім қабылдайтын кез келді.
Иран ислам елдерін сионистік режимге қарсы саяси, экономикалық және қару-жарақ эмбаргосын енгізу үшін дереу әрі тиімді әрекет етуге шақырады.
Сондай-ақ, біз сионистік режимнің әскери, геноцид және апартеид қылмыстарын мойындауға, Израиль режимінің басшыларын жауапқа тартуға шақырамыз.
Біз аймақтағы бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің демократиялық шешімі астанасы әл-Құдс болатын тәуелсіз және егеменді Палестина мемлекетін құру деп санаймыз”, — деді.
Айта кетейік, Иран Ислам кеңесінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф 14 мамыр, сәрсенбі күні таңертең Индонезия астанасы Джакартаға Ислам ынтымақтастығы ұйымы Парламенттік одағы конференциясының 19-шы сессиясына қатысу үшін келді.



















