Ливан премьер-министрі Наваф Салам Араб Лигасы басшыларының саммиті қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың бастамасы болуына үміт білдірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Ливан премьер-министрі Наваф Салам бұл туралы Ирак премьер-министрі Мохаммадд Шиа ал-Суданимен Бағдадта кездесуде айтты.
Араб Лигасы басшыларының саммитіне қатысу үшін Бағдадқа келген Ливан премьер-министрі Наваф Салам ирактық әріптесі Мохаммад Шиа ал- Суданимен кездесіп, сұхбаттасты.
Ресми мәлімдемеге сәйкес, осы кездесуде екіжақты байланыс, өзара мүдделі мәселелер талқыланып, екі елдің серіктестігі мен үйлесімділік жұмыстарын бірлескен жоғарғы деңгейдегі министрлік комитеті арқылы жалғастыру баса айтылды.
Әл-Судани Ирак қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту және диалог пен түсіністікке негізделген байланыс орнату үшін күш салатынын, Ливанның тәуелсіздігі мен Палестина аумағын бұзуды қабылдамайтынын қуаттады.
Ливан премьер-министрі Наваф Салам да дағдарыстарды шешу үшін талпыныс жасап, экономикалық даму жолында қадам басу қажеттілігін баса айтты.
Ливан премьер-министрі Ирактың қолдауы және көмектеріне алғыс айтып, Бағдадта Ирактың басшылығымен өтетін Араб Лигасы басшыларының саммиті ұстанымдарды біріктіру, бағыттастыру, дағдарыстарды шешу, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың бастауы және жаңа тарау болуына үміт білдірді.
















