Иран СІМ үш аралына қатысты Араб Лигасының мәлімдемесін толығымен теріске шығарды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Исмаил Бақайи Араб елдері Лигасының Бағдадтағы саммитінің қорытынды мәлімдемесінде Иранның үш аралы — Үлкен Тонб, Кіші Тонб және Әбу Мұса аралдарына қатысты айтылған уәждерді мүлдем қабылдамады.
Исмаил Бақайи Үлкен Тонб, Кіші Тонб және Әбу Мұса атты үш аралдың Иран аумағының ажырамас бөлігі екеніне тоқталып: «Иран Ислам Республикасы осыған байланысты кез келген уәжді Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Жарғысы мен мемлекеттердің аумақтық тұтастығына, ұлттық егемендігіне негізделген халықаралық құқық принциптеріне, сонымен қатар тату көршілестік принципіне қайшы, Араб Лигасы саммитінің қорытынды мәлімдемесінде мұндай мәселенің көтерілуін қабылдауға жатпайды деп санайды»,- деді.
Иран Ислам Республикасының жоғары дәрежелі дипломаты Араб елдері Лигасына негізсіз уәждерді айтудың орнына өз ұстанымдарын қалыптастыруда тарихи және географиялық өзгермейтін шындықтарды ескеріп, аймақ елдері арасындағы түсіністік пен қарым-қатынасты нығайту жолында талпыныс жасауға кеңес берді.













