Иран Президенті доктор Масуд Пезешкианның Оман Сұлтандығына ресми сапары барысында екі елдің жоғары басшылары ынтымақтастық туралы 18 құжатқа қол қойды
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша құжаттарға екі елдің ресми өкілдері екіжақты ынтымақтастықты институционализациялау, құқықтық, экономикалық, саяси, мәдени, білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс, БАҚ, технология, энергетика, тау-кен салаларында қарым-қатынасты дамыту мақсатында қол қойды.
Осы рәсімнің аясында Иран Ислам Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасында екі елдің мәдени-тарихи байланысының символы ретінде ортақ естелік марканың таныстырылымы өтті.
Иран Президенті доктор Масуд Пезешкиан Оманның жоғары лауазымды басшыларымен кездесіп, кеңесу үшін бүгін, мамырдың жиырма жетісі, сейсенбі күні түстен кейін елінің жоғары деңгейлі делегациясын бастап Маскатқа келді.
Пезешкианды бұл сапарға Иранның бірінші вице-президенті доктор Мохаммад Реза Ареф пен Жоғарғы Көшбасшы кеңсесінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары ходжатулислам Мохсен Қоми шығарып салды.
Пезешкианды Оман Премьер-министрінің қорғаныс істері жөніндегі орынбасары Саид Шаһаб бен Тариқ әл Саид пен Оман Сыртқы істер министрі Бадр бин Хамад әл-Бусаиди қарсы алды.

















