Ресей Ауғанстан Елшісі қызметіне үміткерді қабылдағаны туралы ресми нота тапсырды.
Кабулдағы Ресей елшісі Дмитрий Жирнов Талибан Сыртқы істер министрі Маулави Амир Хан Моттақимен кездесуде Ауғанстан Елшісі қызметіне үміткерді қабылдағаны туралы ресми нота тапсырды.
Дмитрий Жирнов Ауғанстан Республикасының Сыртқы істер министрі Маулави Амир Хан Моттақиге Ресейдегі Ауғанстан Елшісі қызметіне үміткерді қабылдағаны туралы ресми нота тапсырып, дипломатиялық деңгейді көтеру арқылы екі ел арасындағы қарым-қатынас түрлі салада ілгерілей түсетініне сенім білдірді.
Кездесуде Ауғанстан-Ресей қарым-қатынасының жаңа кезеңі, Татарстан астанасы Қазандағы кездесудегі түсіністік пен екіжақты комиссиялар талқыланды.
Талибан Сыртқы істер министрі Ресеймен қарым-қатынастың жаңа тарауын маңызды деп атап, екі ел осы кезеңде әртүрлі саладағы ынтымақтастықты кеңейте алатынына сенім білдірді.













