Иран “Бір белдеу-бір жол” бастамасы елдері үшін кешенді технологиялық даму стратегиясын ұсынды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, мұндай ұсынысты Иранның ғылым, технология және білімге негізделген экономика жөніндегі вице-президенті Хоссейн Афшин “Бір белдеу- бір жол” бастамасы аясында өткен Ғылым және технология саласындағы Екінші конференция барысында мәлімдеді.
Хоссейн Афшин халықаралық ынтымақтастыққа қатысты концептуалды жаңа көзқарас ұсынды.
Афшин ұсынған алты бастама төмендегідей:
Дамушы елдердің нақты қажеттіліктері мен қолданыстағы технологиялық шешімдерін салыстыруға арналған BRI TechMatch инновациялық цифрлық платформасын құру.
“Бір белдеу — бір жол” бастамасына қатысушы елдер үшін болашақ қиындықтарды болжау және технологиялық үрдістерді бақылау мақсатында Тегеранда футурология орталығын құру.
Бірлескен зерттеулер мен технологиялық процестерді стандарттау үшін BRI LabsNet анықтамалық зертханалар желісін құру.
“Бір белдеу- бір жол” бастамасы бойынша серіктес елдердің жас мамандарын даярлауға бағытталған технологиялық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру.
Жібек жолы көлік жүйелеріне жасанды интеллектті енгізу үшін трансшекаралық цифрлық желіні құру.
Этикалық принциптерді, деректерді басқаруды және технологиялық жетістіктерді әділ бөлуді реттейтін технологиялық ынтымақтастық хартиясын әзірлеу.
Иран тарапынан ұсынылған бұл тұжырымдама Тегеранның аймақтың технологиялық ландшафтын қалыптастыруға белсенді қатысуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Иранның ғылым, технология және іргелі ғылымға негізделген экономика жөніндегі вице-президенті Хоссейн Афшин бастаған делегация Қытайға Ғылым және технология саласындағы Екінші конференцияға қатысып, екіжақты келіссөздер жүргізу үшін келді.
Хоссейн Афшин бастаған делегацияның Қытайға сапары Иранның технологиялық интеграцияның өршіл жоспарларын жүзеге асырудағы ниетін көрсетеді.


















