Иранмен қақтығыс Израиль үшін күніне жүздеген миллион доллар шығын келтіреді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Wall Street Journal Израильдің Иранға жасап жатқан басқыншылғының ауыр қаржысына сілтеме жасап, бұл қақтығыс Израиль үшін күніне жүздеген миллион доллар шығын келтіретінін хабарлады.
Осы мәліметке сәйкес, Израильге келетін ең үлкен шығын Иранның зымырандық шабуылдарымен күресу үшін қажет зымырандарды қағып түсіретін жүйемен байланысты.
Wall Street Journal сарапшылардың есептеулеріне сілтеме жасап, Израильдің зымырандық жүйесінің шығыны күніне 200 миллион долларға жетуі мүмкін екенін жазды.












