Иран Ирактағы АҚШ-тың Айн әл-Асад базасы мен Қатар астанасы Дохадағы Әл-Удейд базасына зымыранмен соққы жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның АҚШ-тың басқыншы соққысына жауап ретінде жасаған шабуылынан кейін Қатар мен БАӘ әуе кеңістіктері жабылды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбіге қараған түні Иранның шабуылынан кейін Ирактың батысындағы Айн әл-Асад базасындағы АҚШ әуе қорғанысы іске қосылды.
Axios басылымы сионистік режим дереккөздеріне сілтеме жасап, Иранның Ирактағы Американың Айн әл-Асад базасына алты зымыран атқанын хабарлады.
Иранның IRIB ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тегеран кек алу операциясын “Жеңіс жайлы сүйінші хабар” деп атады.
CNN-ның мәліметінше, Иран АҚШ-тың базаларына барлығы 11 зымыранмен соққы жасады.
Тегеран шабуыл нысаны ретінде Қатардың тұрғын аудандары мен қалалық инфрақұрылымынан алыс аймақ таңдалғанын баса айтты.
Сонымен қатар Иран Тегеранның әрекеттері өзін-өзі қорғау құқығы аясында жүзеге асқанын және халықаралық құқыққа сәйкес агрессияға қарымта жауап болғанын мәлімдеді.

















