Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің техникалық делегациясы алдағы екі-үш апта ішінде Иранға барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Казем Ғарибабади мәлімдеді.
Казем Ғарибабадидің айтуынша, Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің техникалық делегациясының сапары барысында Иран мен Агенттік арасындағы ынтымақтастық жолдары талқыланады.
Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары америкалық БАҚ өкілдері алдында сөйлеген сөзінде Иранның Атом энергиясы ұйымы қазір Израиль мен АҚШ-ның жасаған шабуылдары салдарынан ядролық нысандарына келтірілген залалды есептеп жатқанын айтты.
Сондай-ақ, Казем Ғарибабади жұма күні өтетін Иранның Еуропалық үштікпен кездесуін өте маңызды деп атады.
Иран СІМ басшысы орынбасарының айтуынша, кездесу Еуропаның үш елінің Сыртқы істер министрлері, Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі мен Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчидің телефон арқылы сұхбатынан кейін ұйымдастырылып отыр.
















