Тәжікстан мен Иран Сыртқы істер министрлері дәстүрлі достықты нығайту мақсатында арадағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделік танытты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы 30 шілдеде Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин мен Душанбеде ресми сапармен жүрген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчимен кездесуде мәлімдеді.
Тараптар кездесу барысында Тәжікстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы экономика және сауда саласындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты.
Айта кетейік, мұның алдында 30 шілдеде Душанбеге сапармен келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арақчиді Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады.
















