Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Мәжіліс заңына байланысты Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен қарым-қатынаста жаңа дәуірдің басталуын заңды деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттігі мен оның Бас директорының енді жаңа жағдай жөнінде білуі керек екенін айтты.
Арақчи: “Бізде Мәжіліс заңы бар және жергілікті жағдайлар өзгерді. Израиль АҚШ-ның қолдауымен Иранның ядролық нысандарына соққы бергеннен кейін Иран Мәжілісі Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттікпен ынтымақтастықты тоқтату туралы заң қабылдады. Иранда бірде-бір инспектор қалмады.
Біздің бірнеше ядролық нысанымыз шабуылға ұшырап, бомбаланып, шығын келді.
Осыған және Мәжіліс заңына байланысты Агенттікпен қарым-қатынаста жаңа дәуірдің басталуы заңды”, — деді.
Арақчи Агенттікпен кез келген ынтымақтастық бұдан былай Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі арқылы және оның мақұлдауымен жүзеге асырылуы тиіс екенін атап айтты.
Иран Сыртқы істер министрі: “Ядролық бағдарламамызға келетін болсақ, Агенттік өз міндетін орындай алмағанын айтуымыз керек. Әсіресе Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттігі соғыс басталғанға дейін Басқарушылар кеңесінің қарар қабылдауына әкеліп соқтырған баяндама дайындады”,- деді.
Арақчи Иранның барлық ядролық нысаны Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттікте тіркеліп, оның бақылауында екенін және Агенттік инспекторлары шабуылдарға қарамастан оларды үнемі тексеріп тұратынын айтты.
Ол: “Біздің ойымызша, Еуропаның үш елі “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасының қатысушылары саналмайды. Сондықтан олардың Иранға қарсы Snapback механизмін енгізуге құқығы жоқ. Егер олар мұны жүзеге асырса, Иран жауап береді. Олар ядролық келіссөздердегі орнын мәңгілікке жоғалтады”,- деді.



















