Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында Мәскеуге мемлекеттік сапармен барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы бүгін 8 тамызда Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаев пен Путиннің телефон арқылы сөйлесуінің қорытындысы бойынша мәлімдеді.
Руслан Желдібай Қазақстан Президентінің ағымдағы жылдың қараша айында Мәскеуге жоспарланған мемлекеттік сапарына ерекше мән беретінін, оның мақсаты стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы жан-жақты ынтымақтастықты тереңдету болатынын айтты.














