БҰҰ-ның Палестинадағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы сионистік режим спортшыларын халықаралық жарыстардан шеттету туралы үндеу жолдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның Палестина аумақтарындағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Франческа Альбанезе сионистік режимнің спортшыларын халықаралық жарыстардан шеттетуге шақырған мәлімдеме жасады.
Бұған дейін Израиль әуе күштерінің палестиналықтарды өлтіруін бірнеше рет айыптаған Альбанезе өзінің жуырдағы мәлімдемесінде: “Кісі өлтірушілерді халықаралық спорт жарыстарынан шеттететін уақыт келді. Спортты апартеид пен геноцидтен азат етейік”, — деді.
Сонымен қатар, БАҚ Палестина Ұлттық футбол командасының капитаны және бұрынғы ойыншысы Сүлейман әл-Обейданың қайтыс болғанын хабарлады.
Палестина құрамасының 41 жастағы танымал спортшысы өткен сәрсенбі күні Газа секторының оңтүстігінде азық-түлік күтіп тұрған кезінде басқыншы күштердің қолынан қаза тапты.
Израильдің шабуылдары салдарынан палестиналық атақты спортшылар қаза тауып, спорт инфрақұрылымы қирады.
Палестина футбол қауымдастығының мәліметінше, Израиль шабуылдарынан 22 айда Газа секторында қаза тапқан 808 спортшының 421-і футболшы.
Газа секторындағы спортшылар шабуылдардан бөлек, дұрыс тамақтанбау және азық-түлік тапшылығымен де күресуде. Көптеген спортшылар дұрыс тамақтанбау салдарынан спорттан кетті.













