Астанада өтетін қазақ күресінен әлем чемпионатына 25 елдің жауынгер-әскери қызметшілері қатысады.
Еуразия Тудейдің ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша елордада әскери қызметшілер арасында Халықаралық әскери спорт кеңесінің (Conseil International du Sport Militaire) қолдауымен қазақ күресінен I-ші әлем чемпионаты өтеді.
Біріншіліктің ашылуы 14 тамызда Qazaqstan жеңілатлетикалық спорт кешенінің базасында өтеді.
Әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен өтетін I-ші әлем чемпионатында әлемнің 25 армиясының балуандары бақ сынайды.
Қазақстанның намысын Қарулы күштер мен Мемлекеттік күзет қызметі құрамының мықты спортшылары қорғайды.
Әлем чемпионаты Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орайластырылған.
Естеріңізге сала кетейік, Conseil International du Sport Militaire – Халықаралық Олимпиада комитетінен кейінгі екінші маңызды спорттық ұйым. Ол 140-қа жуық ел қарулы күштері өкілдерінің басын қосады.













