Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Пәкістанды аймақтағы негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы 2025 жылғы 14 тамызда Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті құттықтау жеделхатта айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке құттықтау жеделхатын жолдады.
– Әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі табысқа жеткен Сіздің еліңіз Азияда және әлемдік аренада лайықты орынға ие. Пәкістан гүлденген әрі орнықты қоғам құру жолында алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Пәкістанды аймақтағы негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтіп, қос халықтың игілігі үшін сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты.

















