Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияны Қазақстанның Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесі деп атады.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Мемлекет басшысы бұл туралы бүгін тамыздың 26 күні Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдауда айтты.
«Жапония – Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесіміз. Біз Токиомен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береміз. Премьер-министр Ишибаға ыстық ықыласымды жеткізуді сұраймын. Премьер-министр Шигеру Ишиба Қазақстанға ресми сапармен келмекші. Біз оның сапарын асыға күтіп, дайындалудамыз. Өзара қарым-қатынасымыз жоғары қарқынмен дамып келе жатыр деп сеніммен айтуға болады», – деді Президент.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен министр Такеши Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде әңгімелесті.
Жапония Сыртқы істер министрі Такеши Ивая Қазақстан мен Жапонияны халықаралық тәртіпті күшейтуге мүдделі стратегиялық серіктестер деп атап: “Менің бұл сапарым екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамытуға жол ашады деп ойлаймын”, – деді.

















