Әзірбайжан президенті Илһам Әлиев Иранмен мемлекетаралық қарым-қатынасты үкіметтер арасындағы, президенттер арасындағы, сыртқы істер министрлері арасындағы қарым-қатынас деп атады.
Еуразия тудейдің хабарлауы бойынша Әзірбайжан президенті Илһам Әлиев бұл туралы Al Arabiya арнасына берген сұхбатында айтты.
«Біздің Иранмен мемлекетаралық қарым-қатынасымыз үкіметтер арасындағы, президенттер арасындағы, сыртқы істер министрлері арасындағы қарым-қатынас болып табылады. Сондықтан біз «кеңесшілер» деп аталатындар таратып жатқан бұл нарративтерді мүлде елемейміз.
Бізге бәрі түсінікті. Президенттің (Иран – ред.) ұстанымы әбден орынды және Зәңгезур дәлізі Иранға ешқандай қауіп төндірмейтініне негізделген. Зәңгезур дәлізі Шығыс-Батыс көлік дәлізі ғана емес, Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізі болады. Ресейден Әзербайжан арқылы Иранға «Солтүстік-Оңтүстік» бір бағыттың орнына бізде Ресейден Әзірбайжанға, Арменияға, Нахичеванға одан әрі Иранға тағы бір жол ашылады», — деді Әлиев.
«Иран президенті Әзірбайжанға келді. Негізінен ол Әзірбайжанға екі рет келді. Бірінші рет ресми сапармен болды. Екінші рет азат етілген Қарабақтағы Ханкенди қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты. Біздің арамызда өте жақсы жұмыс қарым-қатынасы орнады. Ол (Пезешкиан — ред.) әзірбайжан. Біздің тамырымызда бір қан ағып жатыр. Біз бір тілде сөйлейміз. Бізге аудармашының қажеті жоқ», — деді ол.
Айта кетейік, Иран діни жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Велаяти 9 тамыз күні Tasnim агенттігіне берген сұхбатында Әзербайжанды Арменияның оңтүстігі арқылы Нахчыван эксклавымен байланыстыратын Зангезур дәлізі жобасын жүзеге асыру Оңтүстік Кавказдың қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескертті. Велаяти бұл жобаны экономикалық тұрғыдан қарастыруға келмейтін, Тегеран мен Мәскеудің айналасындағы “құрлық шеңберін құруға бағытталған геосаяси құрал” деп атады.
















