Жоғары лауазымды еуропалық дипломаттар Еуропалық Одақ пен оған мүше елдерді Израильдің Газа мен Батыс жағалаудағы заңсыз әрекеттеріне қарсы шара қабылдауға шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы жоғары лауазымды екі жүзден астам дипломат жариялаған ашық хатта жазылған.
Бұрынғы жоғары лауазымды еуропалық дипломаттар Еуропалық Одақ басшылығына жолдаған ашық хатта Газа секторындағы соғыс пен сионистік режимнің Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы заңсыз әрекеттерін тоқтату үшін Израильге қарсы шұғыл шара қолдануды талап етті. Хатқа Еуропа елдерінің 209 бұрынғы өкілі мен елшісі қол қойған.
Хатта егер Еуропалық Одақ ұжымдық шара қолдана алмаса, ұйымға мүше елдер адам құқықтарын қорғап, халықаралық құқықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін дербес немесе шағын топта әрекет етуі керектігі айтылған.
Дипломаттар хатта Израильге қару-жарақ экспортына лицензияларды тоқтату, заңсыз елді мекендер арқылы тауарлар мен қызметтер саудасына тыйым салу және еуропалық деректер орталықтарының Газа секторы мен басқа да басып алынған аумақтардағы Израиль үкіметі мен компанияларының деректерін өңдеуіне немесе сақтауына тыйым салу сияқты тәсілдерді ұсынды.




















