Иран, Ресей және Қытай Сыртқы істер министрлері Snapback механизміне қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымына хат жолдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, хатта еуропалық үш елдің Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған мәлімдемесі “Ортақ қадам” жан-жақты ядролық бағдарламасын орындау тәртібі мен 2231 қарарға қайшы келетіні, құжаттың заңды негізі жоқ әрі жарамсыз деп танылуы тиіс екені атап көрсетілген.
Иран, Қытай және Ресей халықаралық құқық пен көпжақты дипломатия қағидаттарына адалдығын растай отырып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін Еуропаның үш елінің мәлімдемесін қабылдамауға шақырды.
Сондай-ақ, хатта еуропалық үш елге Қауіпсіздік кеңесінің бірлігі мен тиімділігіне нұқсан келтіретін әрекеттерінен бас тартуға кеңес берілген.
Сонымен қатар, Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи ортақ хатқа қатысты Х әлеуметтік желісінде жазба жариялап: “Қытай және Ресей Сыртқы істер министрлерімен Тяньцзиньде қол қойған бірлескен хатымыз Еуропа елдерінің Snapback механизмін іске қосу талпыныстарының ешқандай заңды негізі жоқ екендігін көрсететін нақты ұстанымымызды білдіреді. Ең алдымен “Ортақ қадам” жан-жақты ядролық бағдарламасы мен 2231 қарарын бұзған Америка Құрама Штаттары, содан кейін Еуропа өз міндеттемелерін орындаудың орнына заңсыз санкцияларды қайтаруға шешім қабылдады”, — деп жазды.

















